Популярные темы

Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр

Дата: 06 августа 2024 в 21:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі  Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Тамызда Семей әкімдігі «Отбасы банк» АҚ-мен бірлесіп «Абай жастары» бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады», — деп хабарлады Семей әкімдігі.

Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.

Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен. Оның көмегімен 41 отбасы баспаналы болды.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями