Популярные темы

Қазақстанда кірістер туралы декларацияның жаңа нысанын қолдану тоқтатылады

Дата: 23 мая 2024 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда кірістер туралы декларацияның жаңа нысанын қолдану тоқтатылады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қаржы министрлігі «Жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысанын және оны жасау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың кейбір құрылымдық элементтерінің қолданысын тоқтата тұру туралы» қаулы дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Атап айтқанда, жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияның нысаны мен қағидаларын (270.00-нысан) (2021 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрыққа 3 және 4-қосымшалар) 2024 жылғы 31 шілдеге дейін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде әзірленгенге және іске асырылғанға дейін қолдану тоқтатыла тұрады.

Түсіндірілгендей, тоқтата тұру мерзімі аяқталғанға дейін 2021 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрыққа 1 және 2-қосымшалар бойынша жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны (270.00-нысан) жасау нысаны мен қағидалары қолданылатын болады.

Бұйрықтың жобасы 5 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Сурет: freepik

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями