Популярные темы

Өртеніп кеткен «Ақшыңның» иесі кәсіпкерлермен кездесті

Дата: 08 февраля 2024 в 20:48


Өртеніп кеткен
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін өртеніп кеткен «Ақшың» сауда үйінің басшысы Марат Құрманбай, облыс әкімі, ТЖД мен ПД басшылары зардап шеккен кәсіпкерлермен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Оқиға орын алған кезде елордаға Үкімет жиналысына кеткен облыс басшысы Нұран Ұранхаев бұл жағдай ҚР Үкіметінің және облыс әкімінің жеке бақылауында екенін бірден айтты. Сонымен қатар, зардап шеккен азаматтарға жан-жақты көмек көрсетілетінін және мемлекет тарапынан қажетті қолдау шаралары қарастырылып жатқанын қосты.

«Мен сіздерге қолдау жасалатынын және бұл жағдайға байланысты жан-жақты ашық шешім қабылдауға кепілдік беремін. Мемлекеттік көмектің барлық тетіктері ұсынылатын болады. Аранайы қор құру жоспарған, өйткені жергілікті кәсіпкерлердің де көмектесуге ниеті бар. Біз жағдай реттелмейінше өз өніміңізді сататын 13 сауда орнын ұсынамыз», деді облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев.

Ал, кездесуге келген «Ақшың» сауда үйінің басшысы Марат Құрманбай өрт қасақана қойылуы мүмкін деген болжамды жоққа шығарған жоқ. Кәсібін сақтандырмаған. Отыз жылғы еңбегім бір жанып кеткені жаныма қатты батады, деп отыр сауда үйінің иесі.  

«Бір күнде  30 жыл бойы жиған-тергенімнен айырылдым. Бұл үлкен қайғы. Мен сіздермен бірге инвестиция салдым, несие алдым. Сіздер де мен сияқты бизнесіңізді жоғалттыңыздар. Мен бұдан әрі қалай болатынымызды білмеймін. Бұл бизнесті мұра етіп балаларыма қалдырамын деп ойладым. Ал бүгін ештеңе қалмады», деді кәсіпкерлермен кездескен Марат Құрманбай.  

Бұл кәсіп баршаның дерлік жалғыз табысы болды. Марат Құрманбай «Жоламан» кентінде 200 орындық сауда павильоны бар, сол жерге ет және азық-түлік бөлімінде істеген кәсіпкерлерге орын бере алатынын айтты. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге арнайы көмек қорын құру жоспарлары туралы хабарлады.

Сурет: Arnapress.kz, Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями