Популярные темы

Абай облысында әкімдік жөнделмеген саябаққа 10 млн теңгеге жуық ақша төлеген

Дата: 13 ноября 2023 в 13:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысында әкімдік жөнделмеген саябаққа 10 млн теңгеге жуық ақша төлеген
Стоковые изображения от Depositphotos

Бородулиха ауданының прокуратурасы Бородулиха ауылдық округі әкімдігінің бір көзден 270 млн.теңгеге мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды заңсыз жасасуының 37 фактісін анықтады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап

Ауылдық округ әкімі ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оған 5,4 млн.теңге айыппұл тағайындалды.

Осы ауданда бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.

Әкімдік Бородулиха ауылындағы саябақты ағымдағы жөндеу бойынша екі рет мемлекеттік сатып алуды өткізді.

Бірінші рет мердігерлік ұйымға орындалмаған жұмыстар үшін   9,1 млн.теңге төленді.

Бұл фактіні жасыру үшін әкімдік жұмысты орындаған басқа өнім берушімен қайтадан шарт жасасты.

Аудан прокуратурасы ҚК 189-бабы 3-бөлігінің 1, 2-тармақтары бойынша (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады

Тергеп-тексеру Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департаментіне тапсырылды.

Сурет: ашық дереккөзлерден

 

       

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями