Стоковые изображения от Depositphotos
2023 жылғы 7 қараша күні Н.Киікбаев атындағы орта мектептің 44 оқушысы мен 2 мұғалімі улану белгілерімен Жамбыл облысы Байзақ аудандық орталық ауруханасына түсті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, тексеруден кейін 11 оқушы үйіне қайтарылды, 2 мұғалім мен 33 оқушы медициналық көмек алып жатыр.
Ведомство балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді.
«Бұл факті бойынша Балалардың құқықтарын қорғау комитеті, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, Денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінен тұратын арнайы жедел штаб құрылды» — делінген ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан хабарда.
Министрліктің баспасөз қызметі мәселенің мән-жайы анықталып жатқанын мәлімдеді.
Сурет: akorda.kz
По сообщению сайта Arna Press