Стоковые изображения от Depositphotos
6 қараша күні әлеуметтік желіде мектеп оқушысы Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Көксу ауылдық округінің әкіміне тиесілі делінген көліктің астына түсіп қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Instagram-дағы пабликтің бірінде жарияланған ақпаратқа сай, адам өлімімен аяқталған жол апаты өткен бейсенбі, 2 қарашада болған.
«Жетісу облысында мектеп оқушысы әкімнің көлігінің астына түсіп, қаза тапты. Оқиға 2 қараша күні кешке Ескелді ауданы, Биғаш ауылының маңында болған. Белгілі болғандай, көлікті Кербұлақ ауданына қарасты Көксу ауылдық округінің әкімі Әлия Бақтиярова басқарған. Оқиға орнына жеткен жол полициясы қызметкерлері хаттама толтырғанымен, жол қозғалысы бұзылған. Тәртіп бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалған жоқ», — делінген хабарламада.
Сонымен қатар баланы жерлеу рәсімі 4 қарашада өткені хабарланды.
Ал облыстық полиция департаменті әлеуметтік желідегі ақпаратқа жауап беріп, оқушының қайтыс болғанын растады.
Сурет: Zakon.kz
По сообщению сайта Arna Press