Популярные темы

Мысырда Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды

Дата: 05 июня 2023 в 12:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Мысырда Бейбарыс Сұлтан мешіті қайта ашылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Даңқты билеушінің 800 жылдығына орай биыл 600-ден аса іс-шара ұйымдастырылмақ. Тарихи сәтте ата жұрттан Сенат төрағасы бастаған делегация арнайы барды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан» ҰА сілтеме жасап.

Әйгілі Бейбарыстың тікелей әмірімен 1269 жылы салынған мешіт Каирдың дәл орталығында тұр. Аумағы 10 мың шаршы метр.

«Көне мешіт өз заманының ең озық сәулет үлгісімен салынған. Ғимаратты безендіруге қажетті мәрмәр тастары мен ағаштар арнайы Антакиядан әкелінеді. Әр заманда бұл жер түрлі мақсатта пайдаланылған. Наубайхана, сабын жасайтын жер, тіпті әскери қойма да болған», деп хабарлайды тілші Шерхан Жамбылұлы

Соның да бір әсері болар ғимараттың тоз-тозы шығады.1960 жылдары алғашқы жөндеу басталады. Алайда, қайта-қайта тоқтап қалған. Бұл жұмысқа 2007 жылы Қазақстан қазынадан 4,5 млн доллар бөледі. Осылайша ондаған жылдарға созылған реставрация мерейтойлы жылда аяқталып отыр.

«Бейбарыс Сұлтан мешіті Мысыр мен Қазақстан үшін ғана емес, ислам әлемі үшін де бірегей мәдени мұра екені анық. Сондықтан оны қайта қалпына келтіру – әлемдік тарих пен мәдениет үшін маңызды оқиға», — деді ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Бейбарыс Сұлтан Мысыр мен Шам елін 17 жыл билеген. Оның тұсында араб елі өз заманының айбарлы мемлекетіне айналады.

Ресми шаралар легі Әл-Азһар университетінде, халықаралық ғылыми-конференциямен жалғасты. Ислам әлеміндегі Оксфорд, Кембридж саналатын оқу ордасын да кезінде Бейбарыс Сұлтан қайта ашып, жаңғыртқан. Бүгінде бұл жерде 200-ге жуық отандасымыз білім алып жүр.

Конференция барысында «Бейбарыс араб және түрік сұлтаны» атты кітаптың тұсаукесері өтті.

Алдағы уақытта арнайы энциклопедия басылып шықпақ.

Сурет: qazaqstan.tv

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями