Популярные темы

Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалған

Дата: 21 марта 2023 в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Жаңаөзенде 14 жастағы қыз туған әкесінен жүкті болып қалған
Стоковые изображения от Depositphotos

14 жастағы қыз әкесінен жүкті болып қалды. Бала мен анасы перинаталдық орталыққа түсік жасату туралы өтініш білдірген соң күдікті ұсталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысы ІІД баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, оқиға туралы 14 жасар қыз 24 ақпанда анасымен бірге Ақтаудағы облыстық перинаталдық орталыққа әлеуметтік көрсеткіштер бойынша бірінші жүктілікті тоқтату мақсатында дәрігерге жүгінгеннен кейін белгілі болды. Қыздың жүктілік мерзімі 13-14 апта болған.

ПД өкілдерінің мәліметінше, орталық мамандары бұл туралы қалалық полицияның жедел басқармасының орталығына хабарлаған.

Полицейлер күдіктінің кім екенін анықтап, қамауға алған

«Күдікті жәбірленушінің әкесі екені белгілі болды. Бұл дерек Жаңаөзен қалалық ІІБ соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы (зорлау) бойынша тіркелген», — деді ведомствоның баспасөз қызметі өкілі.

Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.

Сурет:Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями