Популярные темы

«Алғаш өнер көрсеткен жеріміз — Өнер академиясының наурызы». Zhuldyz LIVE жобасында «Алашұлы» тобы 21 июля 2022, 15:04

Дата: 21 июля 2022 в 15:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

«Жұлдыз» радиосындағы Zhuldyz LIVE жобасының кезекті шығарылымында «Алашұлы» тобы қонақта болды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Zhuldyz LIVE жобасында қазақстандық танымал өнер жұлдыздары әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл жолы «Алашұлы» тобы бір сағат бойы жанды дауыста әндерін айтып, сұхбат берді. Сондай-ақ, олар жаңа әндерінің тұсауын кесті. 

Топ мүшелері «Алашұлы» қалай құрылғанын айтып берді.

«Әзімбекке дейін топта Ерзада деген жігіт болды. Ұшқын екеуі күй сайысатын. Соларға қарап, жігіттерге ұсыныс айттым. «Жігіттер, ұлттық, патриоттық әндерді заманауи бағытта, рок, этно-рок, этно-поп жанрларымен байланыстырып, топ құрсақ» дедім. Жігіттер құптады, солай құрылды. 2009 жылы ең алғаш өнер көрсеткен жеріміз — Өнер академиясының наурыз мейрамы», — деді Мақсат Рахмет.

Сондай-ақ, олар топ репертуарындағы ерекше әнді орындап, қалай жазылғанын әңгімеледі.

«Бұл — 2013 жылы Turkvision байқауына арнайы жазылған «Тұраным» әні. «Алашұлы» тобының қай концертінде болмасын көрермендерді серпілтіп тастайды», — деді топ мүшесі. 

Айта кетейік, өткен шығарылымда Zhuldyz LIVE жобасында Ұшқын Жамалбек қонақта болған еді. 

Еске салайық, сүйікті әншілеріңіз жанды дауыста айтып, сұрақтарға жауап беретін жоба әр сәрсенбіде сағат 18.00-ден 19.00-ге дейін өтеді. 

20 шілдедегі радиоконцертті TengriTV Youtube-арнасы мен zhuldyz.fm парақшасынан көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями