Популярные темы

«Рекордтар кітабына енеді». 1032 оқушы бір уақытта төрт күй орындады 25 мая 2022, 09:58

Дата: 25 мая 2022 в 10:03



Стоковые изображения от Depositphotos

Назарбаев интеллектуалдық мектебінің 1032 оқушысы төрт күй орындап шықты. Енді мектеп оқушылары Гиннесс рекордтар кітабына енбек, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы мектептің Instagram-парақшасында жазылған. 24 мамырда елордадағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектепте домбыра сабағы өтті. Оны Гиннесс рекордтар кітабына «Ең ауқымды домбыра сабағы» онлайн рекорды ретінде енгізу жоспарланып отыр.

2021-2022 оқу жылы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде домбыра сабағымен аяқталады, оған 1032 оқушы қатысады. Сабақты қосымша білім беру педагогы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Айтжан Тоқтаған өткізеді. Оқушылар «Сарыарқа», «Балбырауын», «Еркем-ай», «Кеңес», «Жастар биі» сынды танымал күйлердің шығу тарихын баяндаумен қатар туындыларды орындады.

Guinness World Records-қа (GWR) өтінім 2021 жылдың желтоқсан айында берілген. Гиннесс рекордтар кітабының талаптары бойынша ауқымды сабақты 25-тен аса стюард пен 2 куәгер қадағалайды. Әрбір 50 қатысушыны бір тәуелсіз стюард бақылап, жазба аймағынан шыққан немесе қажетті әрекетті орындамаған белгілі топтағы кез-келген қатысушыны дисквалификациялау жұмысын жүргізеді. Куәгерлер GWR-дің сенімді өкілі ретінде қызмет атқарып, рекордтың орнауын қадағалайды.

Күйдің видеосын мына сілтемеден көріңіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Поделитесь новостью с друзьями