Популярные темы

Петропавлда скутер жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті

Дата: 20 мая 2022 в 10:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Петропавлда скутер жүргізушісі зейнеткерді қағып кетті
Стоковые изображения от Depositphotos

Жаз келісімен жолда мопедтер мен скутерлер пайда болады. Осыған орай полицейлер жол-көлік оқиғаларының жолын кесу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуді нығайту бойынша профилактикалық жұмысты жүргізеді, деп хабарлайды Arnapress.kz СҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тәжірибе көрсеткендей, екі дөңгелекті көліктің жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін толық білмейді. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер де оларды жол қозғалысының толыққанды қатысушылары ретінде қабылдамайды. Бұл апатты жағдайға алып келуі мүмкін.

18 мамыр күні Егемен Қазақстан және Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысында жолды белгіленбеген жерден қиып өтпек болған Петропавл 75 жастағы тұрғынын WorteX скутері соғып кеткен, рөлде 16 жастағы студент болған. Зейнеткер медициналық мекемеге жеткізіліп, көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді.

«Қала тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 615-бабы «Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы» бойынша хаттама толтырылды». Барлық жол қозғалысы қатысушыларын ЖҚЕ қатаң сақтауға шақырамыз. Мәселен, жыл басынан облыс орталығында жаяу жүргіншілер мен жол жүрісіне өзге де қатысушылардың тарапынан, оның ішінде велосипедшілерді, гироскутер, электр самокаттардың иелерін қоса, 2000-ға жуық ЖҚЕ бұзушылығы тіркелді», – деді Петропавл полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдуллин. 

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями