Популярные темы

Немересіне Махамбет жыры мен Абай өлеңін айтып жүрген ата кім? 24 января 2022, 21:03

Дата: 24 января 2022 в 21:13 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Немересіне Махамбет жыры мен Абай өлеңін айтып жүрген ата кім?
                24 января 2022, 21:03
Стоковые изображения от Depositphotos

Желіде немересін ойнату үшін шапан киіп, көзін ойнақтатып, домбырамен рухты жыр айтқан атаның видеосы тарап жатыр. Кадрлардағы ер адам актер, театр режиссері Бейбіт Құсанбаев болып шықты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Желідегі видеолардан атасы немесеріне ұлы Абайдың «Сабырсыз, арсыз, еріншек» өлеңі мен «Махамбет жырын» айтып бергенін көруге болады. Ал бала оны тыңдап мәз-мейрам, тағы айтып беруін де сұрайды.  

Немересіне рухты жыр айтып жүрген ер адам — ШҚО Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы Мәдениет үйі «Халық» театрының режиссері, Ақсуат Мәдениет үйнінің жанынан құрылған «Тамшы» балалар театрының жетекшісі Бейбіт Құсанбаев болып шықты.

Бейбіт Құсанбаев — қазақстандық актер, театр режиссері. ШҚО, Өскемен қаласы Жамбыл атындағы драма театрының, елордадағы Жастар театрында актері болған. Әр жылдары Шабыт өнер академиясы мен Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы да болған.

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также