Популярные темы

«Өзіміз кінәлі» — Тоғжанов эпиджағдай нашарлауы туралы 18 января 2022, 17:54

Дата: 18 января 2022 в 18:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде елімізде эпидемиологиялық жағдай нашарлағанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ералы Тоғжанов екі жылда Қазақстанда 18 мыңнан аса адам қайтыс болғанын еске салды. 

«Біз өзімізге де, айналамыздағы жақындарымызға да жанашыр болуымыз керегі сөзсіз. Біз коронавирус зардабынан екі жылдың ішінде 18 мыңнана аса адамнан айырылып қалдық. Бейбіт күнде арамыздағы ардақтыларымызды жоғалтқанымызды естен шығармаған абзал деп ойлаймын», — дейді ол.

Премьер-министрдің орынбасары бұл жағдайға тойға жасап, қонаққа барып жүргендер кінәлі екенін айтты.

«Қаталдау естілсе де, айтайын, бұл жағдайға өзіміз кінәліміз. Тығылып қонаққа барамыз, мейрамханалардың артқы есіктерінен кіріп той жасау, маска тағуды қажет деп санамау, санитариялық талаптарды қабыл көрмеу сияқты әрекеттеріміздің салдарынан қаншама адам қайтыс болып кеткенін өздеріңіз жақсы білесіздер. «Тәртіп — тәрбие бастауы, тәртіпсіздік өмірдің қас жауы» деп аталарымыз бекер айтпаған деп ойлаймын», — деді Ералы Тоғжанов.  

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями