Катонқарағай ұлттық паркінің аумағында қар барысы үш күшігімен бірге фототұзаққа түсіп қалды деп хабарлайды Arnapress.kz ұлттық паркке сілтеме жасап.
Сирек кездесетін жыртқыштың отбасы кадрға түсуі — табиғат қорғау мамандары үшін ерекше оқиға. Мамандардың айтуынша, ілбіс күшіктері шамамен екі жыл бойы анасымен бірге жүреді. Осы уақыт ішінде олар аң аулауды, қауіптен сақтануды және таулы ортада тіршілік етудің қыр-сырын үйренеді. Мұндай сирек кадрлар ұлттық парк аумағында жануарлар дүниесінің сақталып, сирек түрлердің өсіп-өнуіне қолайлы жағдай жасалғанын көрсетеді.
Публикация от Катонқарағай ұлттық паркі/Катон-Карагайский национальный парк (@katonkaragay_nationalpark)
Видео авторы – Жомарт Аманбаев.
Фото: жасанды интеллект арқылы
По сообщению сайта Arna Press