Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Юсуф Мациев Сербияның Нови-Сад қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды.
Мациев 97 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде финалға дейін жетті. Шешуші белдесуде ол украиналық Егор Якушенкомен кездесті.
Тартысты белдесу 6:1 есебімен қарсыластың пайдасына аяқталды.
Айта кетейік, ұлттық құрама қоржынында қазір екі медаль бар. Бұған дейін 72 келіге дейінгі салмақта Мерей Мәулетханов қола жүлдегер атанған болатын.
Дереккөз: Olympic.kz
По сообщению сайта SportInfo