Популярные темы

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дата: 18 июля 2024 в 12:38


Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылған.

«2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 479 теңге, базалық зейнетақы – 42 631 теңге», — делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 391 мың адам.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями