Популярные темы

Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған

Дата: 11 декабря 2023 в 16:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған
Стоковые изображения от Depositphotos

Шығыс Қазақстанның тұрғыны үйінде марихуана сақтаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу кезінде полицейлер 36 жастағы ауыл тұрғынын анықтады, оның үйін тінту барысында есірткі заттары табылып, тәркіленді.

«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат кептірілген марихуана болып шықты, оның жалпы салмағы 1183,10 грамды құрады. Ер адамға қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалды», — делінген хабарламада.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сурет: Polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями