Популярные темы

Қазақстанда жаңа институт пайда болады

Дата: 30 октября 2023 в 14:28


Қазақстанда жаңа институт пайда болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстанда жаңа институт құрылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Институт Каспий теңізінің экологиялық проблемаларын, су деңгейінің төмендеуі проблемасын, итбалықтар мен балықтардың жаппай қырылу себептерін, Каспий итбалығының популяциясын, ихтиофаунаны, акватория мен теңіз жағалауын сақтау мәселелерін зерттейтін болады.

Тағы бір бағыт – Каспий маңындағы басқа мемлекеттердегі әріптестермен тығыз қарым-қатынасты қамтамасыз ету. Сонымен қатар, институт Каспий теңізі экожүйесінің барлық аймағы бойынша объектив және тәуелсіз ақпарат беретін болады», — деп хабарлады Су ресурстары және ирригация министрлігіне.

Алынған мәлімет мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың кешенді шаралар қабылдауына негіз болатыны атап өтілді. Ғылыми ұйымның құрылуы да Каспий теңізін сақтау бойынша халықаралық және ұлттық міндеттемелерді толық орындауға мүмкіндік береді.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями