Популярные темы

Қазақстанда петицияны арнайы форма арқылы жазуға болады

Дата: 12 октября 2023 в 18:58


Қазақстанда петицияны арнайы форма арқылы жазуға болады
Стоковые изображения от Depositphotos

Мәдениет және ақпарат министрлігі «Петициялар бойынша жазбаша арыздардың нысандарын бекіту» туралы бұйрық дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Осылайша, петиция жазу үшін мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органға белгіленген нысан бойынша арыз жазу қажет.

Арызда мыналар көрсетіледі:

Арызда петицияны интернет-ресурста орналастыру туралы өтініш және оның мазмұнының атауы көрсетіледі.

Мына құжаттар арызға қоса беріледі:

Өтініш беруші сонымен қатар ҚР заңнамасына сәйкес ұсынылған ақпараттың дұрыстығы үшін жауапты екенін растайды және дербес деректерді өңдеуге келіседі.

Оған қоса интернет-ресурстағы петицияға қосылуға арыз нысаны әзірленді. Онда петиция бастамашысының мәлімдемесіндегідей ақпарат бар. Бұйрық 2024 жылғы 4 сәуірде күшіне енеді.

Бұл жоба 27 қазанға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтына жарияланған.

2023 жылғы 2 қазанда мемлекет басшысы ілеспе түзетулерімен «Қоғамдық бақылау туралы» заңға қол қойды. Ол атап айтқанда, петиция беру тәртібін белгілейді. Сонымен қатар заңда петицияда қандай мәселелер көтерілуге ​​болмайтыны көрсетілген.

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями