Популярные темы

Билік моноқалаларды дамытуға күш салады

Дата: 15 сентября 2023 в 14:37


Билік моноқалаларды дамытуға күш салады
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандағы он моноқалаға қайта жан бітеді. Бұрын олар қала құраушы кәсіпорындардың төңірегінде бой көтерген. Қазір көбінің (жалпы саны 27) күйі кеткен, халі мүшкіл.

Қай қалалар жанданады
Үкімет мына қалалардың 2023-2027 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын бекітті:

Он кешенді жоспарды жүзеге асыру үшін 1.7 трлн теңге бөлінеді, 608 жоба жасалады.

Бұл ақша денсаулық сақтау, білім беру нысандарын, спорт кешендерін, инженерлік инфрақұрылым, шағын және орта бизнес объектілерін, агроөнеркәсіп кешенін салуға не барын жөндеп, заманға сай жабдық сатып алуға жұмсалады.

Мысалы, Арқалықта бағасы 315 млрд теңге болатын кен байыту комбинаты бой көтереді.

Балқаштағы әуежайды қалпына келтіріп, шағын бизнес субъектілерін, олар шығаратын өнімдерді және жұмыс орындарын көбейтеді.
Степногорск қаласына мамандар медициналық колледж салады, орталық аруханаға күрделі жөндеу жүргізіп, жаңа жабдықтар алады, коммуналдық желілерді жөндеп, 15 балалар алаңын жасайды.

Қазақстанда 89 қала бар, 27-сі — 1.4 млн тұрғыны бар моноқала. Кейбірі нарыққа бейімделген, алайда басым бөлігінде өмір тоқтап қалғандай. Моноқалаларды дамытуды мемлекет басшысы тапсырды.

 

По сообщению сайта Крыша

Поделитесь новостью с друзьями