Популярные темы

«Miss Semey — 2023» байқауының жеңімпазы анықталды

Дата: 10 сентября 2023 в 10:58



Стоковые изображения от Depositphotos

Қалалық мәдениет сарайында «Miss Semey» дәстүрлі сұлулық байқауы аяқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Биылғы жылы байқаудың финалына 10 ару жолдама алды. Олар дефиле, хореографияда және сахнада өзін ұстау дағдыларын көрсетті. Байқаудың финалы бес кезеңнен тұрды.  

«Биыл қыздар көрермендердің алдына этностильде шығып, өздерін таныстырды. Бұл, менің ойымша, қыздарды жаңа, ерекше образда көруге мүмкіндік берді», — деді «Miss Kazakhstan» республикалық байқауының өңірлік өкілі Әсем Садуақасова.

Қазылар алқасының шешімі бойынша «Miss Semey — 2023» байқауының жеңімпазы Яна Полыгалова атанды.

Басты сұлулық байқауының жеңімпазы 20 жаста. Янаның мамандығы — фельдшер. Модельдік салаға 17 жасында келді.  

«Финалистердің әрқайсысы өз дағдыларын жетілдіріп, тыңбай еңбектенді.  Сондықтан биылғы «Miss Semey» атағына бәсекелестік өте күшті болғанын айта аламын», — дейді байқау жеңімпазы Яна Полыгалова.

Сондай-ақ, байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздардың қатарында:  

«I вице Miss Semey — 2023» Амина Мұқашева

«II вице Miss Semey — 2023» — Дина Әлібекова

«III вице Miss Semey — 2023» — Диана Анкуца

«IV вице Miss Semey — 2023» — Ажар Садықова

Сурет: ph_nurs

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями