
Стоковые изображения от Depositphotos
«Ашық НҚА» сайтында екі елдің арасындағы визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қою туралы қаулының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Atamekem Business арнасына сілтеме жасап.
Осы құжатқа сәйкес, қазақстандықтар Сан-Мариноға алты ай сайын 90 күн визасыз жүре алады.
⠀
«Шенген келісімінің Уағдаласушы тараптары мемлекеттерінің бірінің аумағына бірнеше рет келу/кету бойынша Шенген келісімінен туындайтын міндеттемелерге нұқсан келтірместен бірінші кірген күннен бастап әрбір 180 (жүз сексен) күн ішінде 90 (тоқсан) күннен аспайтын мерзімде бір мәрте немесе бірнеше мәрте келуге, кетуге, транзит арқылы өтуге және уақытша болуға визалық талаптардан босатылады. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін 90 (тоқсан) күндік көрсетілген мерзім Шенген аймағына алғаш кірген күннен басталады», — делінген қаулының жобасында.
Сурет: Atamekem Business
По сообщению сайта Arna Press