Популярные темы

Ақтөбе облысында түлкі баланы тістеп алған: ауылда карантин жарияланады

Дата: 18 июля 2023 в 16:28


Ақтөбе облысында түлкі баланы тістеп алған: ауылда карантин жарияланады
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақтөбе облысында баланы тістеген түлкіден құтырма ауруы анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Диапазон» басылымының мәліметінше, сараптама нәтижесі 17 шілдеде белгілі болған.

4 шілдеде Қобды ауданында баланы тістеп алған өлтірілген түлкінің басы ветеринарлық зертханаға сараптамаға жіберілді. Кейін Жаманкөл ауылында карантин жарияланды, ол 21 күнге созылады.

Еске салайық, 4 шілдеде түлкі тістеп алған 4 жасар бала Қобды аудандық ауруханасына шұғыл жеткізілген еді. Оның маңдайында, мұрнында жаралар, аяқтарда сызаттар болған. Оқиға Жарық ауылындағы өзен жағасында, бала әкесі мен анасының жанында болған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің мәліметінше, түлкі өлтірілді.

«Баланың жағдайы қанағаттанарлық. Жаралар емделіп, тігілді, бала құтырмаға қарсы екпе алды», — деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Ветеринария бөлімі түлкінің құтыру ауруына тексерілгенін айтты.

фото:elements.envato.com

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями