Популярные темы

Атырауда пойыз жолаушылар мінген автобусқа соқтығысты

Дата: 12 июля 2023 в 19:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Атырауда пойыз жолаушылар мінген автобусқа соқтығысты
Стоковые изображения от Depositphotos

Атырауда пойыз жолаушылар автобусына соқтығысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мой город» басылымының ақпараты бойынша оқиға 11 шілдеде сағат 14:00 шамасында болған. Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, Рауан көшесі бойындағы теміржол өткелінде №2 бағыттағы пойыз бен жолаушылар автобусы соқтығысқан. Автобус жүргізушісі белгіленбеген орыннан жолды кесіп өтпек болған. Автобустағы жолаушылардың жағдайы қалыпты екені айтылды.

Еске салайық, маусымның аяғында Алматыда жолаушылар мінген автобус Құлжа тасжолында арыққа түсіп кеткен болатын.

Сурет: Атырау облысының полиция департаменті

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями