Популярные темы

Семейде жалған номір тағып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды

Дата: 10 июля 2023 в 19:29 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Семейде жалған номір тағып, жол ережесін бұзған жүргізуші ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

5 шілдеде сағат 12:30 шамасында Абай облысы Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен жол қозғалысы ережелерін бірнеше рет бұзып, көшеде жоғары жылдамдықпен жүріп өткен ВАЗ 21114 маркалы автокөлігін тоқтатты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Полиция Департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құжаттарын тексеру кезінде қызметкерлер жүргізушінің көлік құралына жалған мемлекеттік-тіркеу нөмірлік белгісін тағып қойғанын анықтайды.

«Көрінеу жалған немесе жалған нөмірлік белгілері бар автокөлікті басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша жүргізушінің үстінен әкімшілік іс қозғалды. Материал іс жүргізу шешімін қабылдау үшін Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді», — делінген хабарламада. 

Ал көлік құралы болса  арнайы айып тұрағына қамалды. Жүргізуші 5 тәуілікке қамалып, бір жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Сурет: ашық дереккөздерден алынған 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями