Популярные темы

Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырылды

Дата: 04 июля 2023 в 18:50 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Кенесары ханның Құраны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына тапсырылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Ақорданың сайтында хабарланғандай, президенттің тапсырмасымен мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин мүфтиятта болып, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына Кенесары ханға тиесілі Құран кітабын тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында әйгілі Марал ишанның Кенесары ханға сыйлаған Құран кітабы табылғаны және оның елге оралғаны жайында мәлім еткен болатын.

«Мемлекеттік кеңесші Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толық зерттеп, оның Кенесары хандікі екенін бірауыздан анықтағанын атап өтті. Сондай-ақ Құранды жан-жақты сипаттап, оның ерекшеліктерін баяндады», — делінген хабарламада.

Мемлекеттік кеңесші Құранды отандық және шетелдік жоғары білікті, тәжірибелі мамандар толықтай зерттегенін, бірауыздан оның Кенесары ханға тиесілі екенін анықтағанын айтты. Сонымен қатар ол Құранның жан-жақты сипаттамасын баяндап, ерекшеліктерін жеткізді.

Ғалымдар Құранның бұл нұсқасы қазақ халқының тарихи жәдігері екенін растап, оның тарихи және музейлік құндылығы өте жоғары деп бағалап отыр.

Салтанатты рәсімге қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, Ұлттық құрылтайдың мүшелері мен дін қызметкерлері қатысты.

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями