Популярные темы

Дәурен Абаев Ресейдегі Төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалды

Дата: 03 июля 2023 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Дәурен Абаев Ресейдегі Төтенше және өкілетті елші лауазымына тағайындалды
Стоковые изображения от Depositphotos

Дәурен Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.

Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген.

2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді.

2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында Қазақстан Республикасының Әзербайжандағы және Нидерланд Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.

2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Баспасөз қызметі бөлімінің бастығы.

2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.

2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында – Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары.

2009 жылдың қазанынан – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.

2011 жылдың қазанынан бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды.

2016 жылдың мамырынан бастап ҚР Ақпарат және коммуникация министрі, 2019 жылдың ақпанынан бастап осы уақытқа дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі болды.

Сурет: Акорданың баспасөз қызметі 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями