Популярные темы

Нағыз шоу мен футболдың арасында қалған «Ордабасы»

Дата: сегодня в 07:59 Категория: Новости культуры


Нағыз шоу мен футболдың арасында қалған «Ордабасы»

Қазақстан Премьер-лигасының төртінші турында шымкенттік «Ордабасы» мен «Атырау» арасындағы матч 1:1 есебімен аяқталды, деп хабарлайды vera.kz.

Формалды түрде алаң иелері ойынның соңында есепті теңестіріп, жеңілістен «құтылды». Алайда ойынның мәнісі мен соңғы сәттерде қабылданған шешімдер онсыз да азаймай тұрған сауалдарды көбейтіп жіберді.

Матчтың негізгі эпизодтарында төрешілердің қос шешімі ойын нәтижесіне қатты әсер етті. Біріншісі: екінші таймда «Атыраудың» жартылай қорғаушысы Дорофеев «Ордабасы» қақпасына гол соқты. Бұл гол есепті 0:2 етіп, ойын нәтижесі болуы анық еді. Алайда бас төреші голды есепке алмады.

Мамандардың пікірінше, голды есепке алмау дау тудырды. Көпшілік голды есептемеуге негіз жоқ екенін айтты. Бейнежазбадан да «Ордабасы» ойыншыларының төрешіге аса қарсылық білдірмегенін байқау қиын емес. Егер бұл гол есептелгенде, «Атырау» 2:0 есебімен алға шығып, ойын сценарийі басқаша болар еді.

Екінші маңызды сәт қосымша уақытта байқалды. 90+11 минутта төреші «Атырау» қақпасына пенальти белгілеп, «Ордабасы» есепті теңестірді – 1:1. Бұл шешім де  талқыланбай қалған жоқ. Мамандардың көбі «Ордабасы» ойыншысы қорғаушыға өзі соғылып құлады, арбитрдің ысқырығы кейінірек естілді, бірақ контакт айқын болғанымен, пенальтиге еш негіз жоқ деп санайды.

Матчтың қысқаша үзінділерін көріп, әркім өз шолуын жасап бағасын бере алады:
https://youtu.be/L3CLnwimUBU?si=RWz-SgbYkyjjUWIA

Интернетте жанкүйерлердің ашынған күйін бірден байқауға болады «Нағыз цирк», «Бізге мұндай футбол керек емес!», «Жеңіс Атыраудыкі! Кәдімгідей ұрлап алды!», «Ұят!», «Мартин, кет!» деген пікірлер көп.

Негізі, төрешілердің даулы шешімдері — мәселенің бір бөлігі ғана. Ең маңыздысы, «Ордабасы» футбол клубының өткен маусымдағы проблемалары сол күйінде, шешіле қойған жоқ. Негізгі мәселе – ойын жоқ! Нәтиже аз, реализация төмен, гол соғу әлсіз. Команда жақсы, нәтижелі шабуыл жасай алмай келеді. Бұл ойыншылардың шеберлігіне ғана емес, жаттықтырушылар штабы мен селекция жұмысына да тікелей байланысты. Шабуылшы мәселесі бірінші кезекте құрамды жасақтаушылардың жауапкершілігінде!  Өткен маусымның өзінде-ақ гол соғатын шабуылшылар ауадай қажет екені байқалған.

Клубтың трансферлік саясатына қатысты сұрақ көп. Жаңа ойыншылар алынып жатыр, бірақ олардың қандай стильге алынғаны және команданың ойын моделі түсініксіз. Жаңадан келгендердің дайындығы төмен, не деңгейі клубтың амбициясына сай келмейді. Құны қымбат трансферлер әзірге өзін көрсете алған жоқ.

Міне, осының бәрінен шығатыны — бас бапкердің жұмысы нәтижесіз болып тұр. Андрей Мартиннің командада жұмыс істеп жатқанына біраз уақыт болды, бірақ жұмысында жүйелілік, ілгерілеушілік байқалмайды. Көптеген мәселелердің шешімі сиырқұйымшақтанып кетті. Осыдан келіп  бапкерге деген сенім азаюда. Футболда өзгерісті уақытында жасау өте маңызды.

Жанкүйерлер арасында көп талқыланатын тағы бір мәселе — клубтың жалпы саясаты. Соңғы кезде «Ордабасы» ойынға емес, матч алдындағы шоуға көбірек көңіл бөледі: концерттер, анонстар, стадионды толтыру… және т.б. шаралар. Қазіргі футбол үшін қалыпты тәжірибе болар. Дегенмен, басымдық ойынға емес, шоуға беріліп кеткендей. Көрермендердің бір бөлігі футбол үшін емес, концерт үшін келетіндей әсер қалдырады. Клуб басшылығы сыртқы имиджге көп көңіл бөліп жатқандай көрінеді, ал футбол ойынын жақсартуға, дамытуға жүйелі жұмыс жеткіліксіз. Басты мақсат — ойын сапасы мен нәтижесі емес пе?!

Футбол тарихында қомақты бюджет пен атақты трансферлері болғанымен, жүйесіздіктің салдарынан нәтиже көрсете алмаған клубтар аз емес. Мысалы, «Челси», «Манчестер Юнайтед», «Спартак» клубтарындағы жағдай осының дәлелі. «Ордабасы» олар өткен жолдың бас жағында тұрса да, қазірдің өзінде алаңдатарлық жәйттер байқалады. Оның үстіне, клуб әлі де жергілікті әкімдіктің еншісінде. Яғни бұл — Шымкент қаласының командасы.

Ал шымкенттік жанкүйерлер тек шоу емес, нақты стратегиясы, даму логикасы және алаңда нәтижесі бар футбол ойынын көргісі келеді. Оны қолдауға дайын!

Последние новости спорта:

По сообщению сайта Vera.kz

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями