Популярные темы

Балаларды қорғау күніне орай Семейде бірқатар іс-шаралар жоспарланған

Дата: 26 мая 2023 в 14:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Балаларды қорғау күніне орай Семейде бірқатар іс-шаралар жоспарланған
Стоковые изображения от Depositphotos

Биыл, 1 маусым күні, қаламыздағы барлық мектептерде 9:00-12:00 аралығында соңғы қоңырау өтеді. Сондай-ақ, Семей қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 1 маусым күні түрлі мерекелік бағдарламалар өткізу жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтқанда, музейлерге экскурсия жасау, Ертістің оң жағалауында флешмоб, спорттық ойындар, балаларға арналған викториналық конкурстар, пікірсайыс турнирі ұйымдастырылады, делінген хабарламда.

Мерекеге орай Әуезов алаңында, Арбатта, Бейбітшілік алаңында, Қарағайлы шағын ауданында Халықаралық балалар күніне орай мерекелік концерт өтеді. Сондай-ақ қаланың шеткері аумақтарында Дальняя, Жоламан, Степной, Бобровка, Восточный кенттерінде концерттік бағдарлама өткізу жоспарланды.

Сондай-ақ, 1 маусым күні — Ертістің оң жағалауында «Балалық шақ, достық шақ болсын бейбіт өмірде!» Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған кең көлемді мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.

Сурет: Семей қаласы әкімдігі, ашық дереккөздерден 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша Семей
Поделитесь новостью с друзьями