Стоковые изображения от Depositphotos
Ташкентте өтетін бокстан әлем чемпионатына Қазақстанның құрамасы да қатысады. Кіл мықтылар бақ сынайтын жарыста жүлде алған боксшыларға Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) арнайы сыйақы тағайындаған, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Massaget.kz сілтеме жасап.
Ал жүлдегерлер тұғырына шыққан қазақ боксшылары бұдан бөлек федерация президенті Кеңес Рақышевтың қосымша сыйына да ие болады.
IBA әлем чемпионы атанған боксшыға 200 мың доллар, күміске – 100 мың, ал қолаға 50 мың доллар сыйақы белгілеген. Жарыстың жалпы жүлде қоры 5,2 миллион АҚШ долларын құрайды.
Әлем чемпионатында 13 салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталады. Ұйымдастырушылар жарысқа 104 елден 600-ден аса былғары қолғап шебері қатысады деп жоспарлауда. Бұған дейін Ташкентке баратын қазақ боксшыларының тізімі жарияланған болатын.
По сообщению сайта Arna Press