Популярные темы

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды

Дата: 11 апреля 2023 в 23:08 Категория: Новости спорта


Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы ауыр жарақаттан қайтыс болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарағанды облысында 14 жастағы спортшы жансақтау бөлімінде қайтыс болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жас спортшының қайтыс болғаны туралы қыз тұратын Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетов Faceebook-те хабарлады.

«10 сәуірде жас спортшы Соннова Арина Васильевнаның жүрегі тоқтап қалды. Арина каратэ-киокушинкай-канмен айналысып, спорттың осы түрінен Қазақстан Республикасы ұлттық құрамасының мүшесі болған. Отбасына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды аудан әкімі.

Қыздың өлімі туралы ақпаратқа Қарағанды ​​облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі түсініктеме берді. Ведомство қыздың ауыр жарақаттан қайтыс болғанын айтты.

Арина Соннова аттан құлап, тасқа соғылған. Кейін алған жарақаттарынан қайтыс болған. Ол 6 жасынан бастап Осакаровка ауылында каратэмен айналысқан. Жас спортшы республикалық және халықаралық деңгейдегі турнирлерде бірінші орын иеленген. Арина Қазақстан чемпионаты мен кубогының, сондай-ақ, Азия біріншілігінің жүлдегері болған.

Аринаның алғашқы жетістігі Жезқазған қаласында өткен балалар арасындағы ашық аймақтық турнирде бірінші орын алуы еді. Соннованың жеңістерінің ішінде маңыздысы — 2019 жылы Тараз қаласында өткен Азия кубогы. Онда спортшы 2-орын алған. Кубок қорытындысы бойынша Арина каратэ-киокушинкай-каннан Қазақстан құрамасына кірген.

«Арина Соннованың туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз», — делінген Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы хабарламасында.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями