Популярные темы

Ибрагим Магомадов алтын медаль еншіледі

Дата: 11 апреля 2023 в 09:08


Ибрагим Магомадов алтын медаль еншіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Грек-рим күресінен Азия чемпионатының екінші күнінде отандастарымыз барлық бес салмақ дәрежесінде өнер көрсетті. 72 келіге дейінгі салмақта Ибрагим Магомадов алтын медаль иеленді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қазақстан балуаны шешуші жекпе-жекте Иран спортшысы Саид Әли Именталабфуманимен бірге боз кілемге шықты. Есеп: 5:2. Осылайша, Ибрагим Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы алтын медальды салды. 

Магомадовтың алдында қола медаль үшін тағы екі балуанымыз таласты. Бірінші болып өнер көрсеткен Ернұр Фидахметов (60 кг) өз мүмкіндігін пайдалана алмады, сөйтіп 2:4 есебімен қытайлық Лигуо Чаоға жол берді. 

Ал Қазақстан командасының тәжірибелі спортшысы Алмат Кебісбаев Тәжікстан өкілі Фируз Мирзораджабовты 7:3 есебімен жеңіп, қола медальға ие болды.

Кешкі сессияда тағы екі қазақстандық спортшы — Диас Қален мен Олжас Сырлыбай боз кілемге шығады. Бірі «алтыннан», екіншісі «қоладан» үмітті. 

Сурет: Zakon.kz

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями