Популярные темы

Абай облысының 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі

Дата: 04 апреля 2023 в 10:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Абай облысының 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі
Стоковые изображения от Depositphotos

Көкпекті ауданының 5 елді мекені таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында іске асты. Ағымдағы жылы Биғаш, Шұғылбай, Шәріптоғай, Мамай, Қараймойыл атты елді мекендер таза ауыз суы тартылады.

Бүгінгі күні аталған ауылдарға таза ауыз су тарту бойынша барлық конкурстық рәсімдер аяқталып, мердігер компания анықталды.

Сонымен бірге бүгінде — Ақ ой, Толағай, Үкілі қыз, Ажа ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен қаражат бөлініп, жобалық сметалық құжаттама дайындалуда.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында бес жыл ішінде халықтың 100 пайызын таза ауыз сумен қамтамасыз етуді тапсырды.

Сурет: belta.by

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями