Популярные темы

Тоқаев азаптау мен қадір-қасиетті қорлаудың алдын алу жөніндегі заңға қол қойды

Дата: 17 марта 2023 в 13:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Тоқаев азаптау мен қадір-қасиетті қорлаудың алдын алу жөніндегі заңға қол қойды
Стоковые изображения от Depositphotos

17 наурыз күні Президент азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу және сотталған адамдардың құқығын кеңейту туралы заңға қол қойды, , — деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі  Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы адам құқықтары, жазаны орындау, сондай-ақ азаптау мен басқа да қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас түрлерінің алдын алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды», – делінген Ақорданың ресми сайты жариялаған хабарламада.

Бұл заң – елімізде жүргізіліп жатқан саяси және құқықтық реформалар аясында Қазақстанның азаптау мен қорлаудың басқа да түрлерін жоюға, осы мәселе бойынша халықаралық нормаларды ұлттық заңнамаға енгізуге, сондай-ақ сотталғандардың құқығын кеңейтіп, түрмедегі теріс субмәдениеттің қалыптасуына жол бермеуге бағытталған жүйелі қадамдардың жалғасы.

Атап айтқанда, құжатта мынадай нормалар қарастырылған:

Сонымен қатар Заң сотталған адамдарға бірқатар қосымша құқық береді:

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями