Популярные темы

Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды

Дата: 06 марта 2023 в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда міндетті бейнебақылау ережелері қабылданды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бас прокуратураның бастамасы бойынша қылмыстық қудалау органдары полицияның пенитенциарлық мекемелері мен қызметтік үй-жайларында, сондай-ақ құқық қорғау органдарының барлық жедел-тергеу бөлімшелерінде бейнебақылау жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын бекітті, деп хабарлайды Arnapress.kz  тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Нақты уақыт режимінде бейнежазбаларды қашықтан қарауға және бұзушылықтардың жолын кесу жөнінде жедел шаралар қабылдауға құқығы бар адамдардың тізбесі қалыптастырылды.

 
«Бұл шаралар Қазақстан ратификациялаған азаптауға қарсы халықаралық актілерге сәйкес келеді және тергеудің рұқсат етілмеген әдістерін болдырмауға бағытталған. Бейнежазбаларды адвокаттар, жәбірленушілер, күдіктілер, айыпталушылар, сот және басқа органдар дәлел ретінде пайдалана алады», — делінген ресми хабарламада.


 
Органдар басшыларының бейнебақылау жүйелерінің жарамдылық жай-күйін қамтамасыз ету, пайдаланудың материалдық-техникалық қамтамасыз ету және бейне архивтің сақталуы үшін тікелей жауапкершілігін көзделген.
 
Қағидалар Мемлекет басшысының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясында әзірленді, бұл азаматтардың құқықтарының бұзылуына қарсы іс-қимыл жөніндегі тағы бір пәрменді тосқауылға айналды.

Сурет: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями