Популярные темы

Семейлік боксшылар Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болды

Дата: 30 января 2023 в 16:58 Категория: Новости спорта


Семейлік боксшылар Азия біріншілігінде қола жүлдеге ие болды
Стоковые изображения от Depositphotos

«16-27 қаңтар аралығында Бангкок қаласында 22 жасқа дейінгілер арасында өткен Азия чемпионатында Абай облысының боксшылары қола медальға ие болды», — деп хабарлайды Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Аталған чемпионатта Азия құрлығынан жалпы саны 20 мемлекеттен 149 боксшы қатысып өз бақтарын сынады. Оның ішінде 54 әйел және 95 ер азамат.

Дүбірлі додада Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасының сапында 80 келіге дейінгі салмақта семейлік Ерасыл Жакпеков қола медальға ие болды, ал Бекзат Ерзат 92 келі салмақ дәрежесінде үшінші орынға ие болды.

Фото: Абай облысының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости спорта
Поделитесь новостью с друзьями