Популярные темы

Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды

Дата: 11 января 2023 в 18:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын алдаған алаяқ ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Германиядан көлік алып беремін деп Жамбыл тұрғынын 7,5 млн теңгеге алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Меркі аудандық полиция бөліміне Аққайнар ауылының 44 жастағы тұрғыны арызданды. Ол өз шағымында Германия мемлекетінде жүрген 32 жастағы танысының MINI Cooper жеңіл автокөлігін қолжетімді бағада жеткізіп беремін деп жалпы құны 7,5 млн теңге қаражатын алаяқтық жолмен иемденіп алғанын, сондай-ақ көлікті әкелмегенін, не қаражатын қайтармағанын көрсетті.

«Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Меркі ауылының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсән толық мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», – деп хабарлайды полиция департаменті.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1-тармағымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Фото: tsn.ua

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями