Популярные темы

Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды

Дата: 05 января 2023 в 11:18


Риддер жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында жылу электр орталығындағы багер станциясында апат болды, деп хабарлайды Arnapress.kz.

«Риддер жылу электр орталығы басшылығының немқұрайлығынан багер станциясы қайтадан су астында қалды. Дәл осындай жағдай өткен жылдың 5 қарашасында болғаны мәлім. Мердігер ұйымдардың күш-жігерімен біз мазутты сорып алып, барлық агрегаттардың жұмысын қалпына келтірдік. Алайда, ЖЭО басшылығының кінәсінен жағдай қайтадан қайталанды. Риддер тұрғындарына айтарым – болған жағдай станцияның жұмысына әсер етпейді. Алаңдауға ешқандай себеп жоқ. Резервтік жабдық қосылған. Жылу электр орталығынан жылу беру кесте бойынша жүргізіледі. Штаб мамандары оқиғаның себептерін анықтау үстінде», – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов әлеуметтік парақшасында.  

Төтенше жағдай жөніндегі штаб өкілдері 4 мотопомпада, 4 суасты сорғы іске қосылып, 3-4 сағат ішінде апат салдары жойылған.

Фото: видеодан скриншот

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями