Популярные темы

8 жастағы қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді

Дата: 28 декабря 2022 в 11:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


8 жастағы қазақстандық шахматшы Латвияның экс-министрін жеңді
Стоковые изображения от Depositphotos

Қазақстандық жас шахматшы Кәрім Айтжан Латвияның экс-министрі, гроссмейстер Дана Рейзнице-Озоланы жеңді, деп хабарлайды Arnapress.kz Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап.

Латвиялық шахматшы Алматы және Астана академияларының 24 студентімен ойнаған. 8 жастағы қазақстандықпен болған ойын ең ұзаққа созылған ойынның бірі болған.

«Елордалық шахмат мектебінің оқушысы 8 жастағы Кәрім Айтжанның тақтасында гроссмейстер Дана Рейзнице-Озола әдеттегіден ұзағырақ тұрып, жүрістері туралы ұзақ ойланды. Нәтижесінде блиц бойынша Азияның күміс жүлдегері Кәрім Айтжан гроссмейстермен өткен ойында жеңіске жетті», −  делінген Қазақстан шахмат федерациясының хабарламасында.

Кездесу Алматыда өтіп жатқан блиц және рапид бойынша әлем чемпионаты аясында өтті.

«Жеңгеніме сенбедім. Гроссмейстермен ойнаудың артықшылығын көрдім, тіпті тепе-тең де ойнадық, бірақ кейін мен ойынның бағытын өзгерте бастадым. Әрине, бұл оңай болған жоқ. Гроссмейстермен ойнау қиын», −  дейді жас шахматшы.

Гроссмейстер Рейзнице-Озоланың ФИДЕ басқарушы директоры қызметін атқаратынын айта кеткен жөн. Бұрын ол Латвияның экономика және қаржы министрліктерін басқарған.

Фото: Tengrinews.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями