Популярные темы

Өскеменде есірткі қойып кеткен күдікті ұсталды

Дата: 22 декабря 2022 в 11:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Өскеменде есірткі қойып кеткен күдікті ұсталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Өскеменде есірткі қойып кетуші ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР ҰҰ арнайы мақсаттағы бөлімшесімен және «Сергек» АБК инспекторымен бірлесіп, Барнауыл көшесінде курьер, қойып кетушіні ұстады. Күдікті 27 жастағы Алматы қаласының тұрғыны болып шықты.

«Аумақ учаскесін тексеру барысында тәртіп сақшылары лентамен оралған ораманы тапқан, оның ішінде ақ түсті ұнтақталған зат бар 45 кішкене орама болған. Сонымен қатар ұсталған адамның уақытша тұрып жатқан үйіне тінту жүргізілген. Нәтижесінде полицейлер психотроптық заттарды орауға арналған заттарды тапқан. Сараптама қорытындысына сәйкес, бумалардың ішіндегі зат жалпы салмағы 23 грамнан асатын «Альфа-pvp» екені белгілі болды. Қаскөй уақытша ұстау изоляторына қамалды», − деп хабарлайды полиция департаменті.

Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктіні он жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтіп тұр.

Фото: polisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями