Популярные темы

Алаяқ Астана тұрғынына жүргізуші куәлігін алып беруді ұсынған

Дата: 21 ноября 2022 в 17:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Алаяқ Астана тұрғынына жүргізуші куәлігін алып беруді ұсынған
Стоковые изображения от Depositphotos

Астана тұрғыны жүргізуші куәлігін аламын деп ақшасынан айырылды, деп хабарлайды Arnapress.kz Рolisia.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекеттік органдарда байланыстары барын айтып, Астана тұрғыны ер адамға емтихан тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін алуға көмектесуді ұсынған. Сонымен қатар Ресейден көлік сатып алуды да айтқан. Өз қызметтерін ұсына отырып, ол аңқау тұрғыннан 466 мың теңге талап еткен.

«Ақшаны алғаннан кейін күдікті телефон қоңырауларына жауап беруді тоқтатқан. Алматы ауданының полиция қызметкерлері қаскүнемді анықтап, ұстады. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, − деп хабарлайды  полиция департаментi.

Полицейлер жүргізуші куәліктерін дайындау тәртібі мен ережелері ресми интернет-ресурста www.gov.kz орналастырылғанын және тек уәкілетті орган ғана беретінін еске салады. Жеке тұлғалардың ұсыныстары, сондай-ақ мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі жүргізуші куәлігін жасау туралы хабарландырулар алаяқтық қылмысына жатады. Жалған құжаттарды сатып алғаны үшін ҚР заңнамасына сәйкес жауапкершілік қарастырылған.

Фото: Рolisia.kz

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями