Популярные темы

Степа мен Кисуня

Дата: 23 августа 2022 в 15:29


Степа мен Кисуня
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгінде өзінің жаңа үйі мен қожайындарын марғаулар Степа мен Кисуня іздестіреді. Олардың туғанына екі айдан енді асты, сәбилі отбасыларға таптырмас серік болуы мүмкін. Жеке үйде де, пәтерде де асырауға болады.

«Қасына келсең, жата қалып, пырылдай жөнеледі. Қане, ішіңді қасып берейін. Өзі сондай ерке, сондай әдемі мысық. Оны Степа деп атадық, әзірге құлағы үйренген жоқ, атын жақында ғана қойған едік», – дейді Марина.

ВИЗИТКА: Степа

Жасы – екі айлық шамасында

Жүні үлпілдек сұр мысық

Еркелеткенді, қолға алып, сипағанды ұнатады

Мінезі – ойынға құмар, жақсы тышқан аулаушы болып өседі. Басқа мысықтармен таласпайды

Тамағы – мысықтарға арналған тағам, басқа да дәмді тамақ.

«Ал бұл марғаудың аты – Кисуня. Негізі, асырап алған соң, өзіңізге ұнаған атты қоюыңызға болады. Бәрібір қазір бұл атына үйренге жоқ. Жаңадан асырауға алған кезде кішкентай-ақ еді, алақанға сыйып кететін. Кеше ғана бұрынғы суреттерімен салыстырдық. Тек шұжық емес, басқа тағамды да жейді, біз кейде шұжықпен еркелетеміз. Сорпаны ішеді, дегенмен, құр нанды жемейді. Ыдыстарында таза су болғанын ұнатады», – дейді Марина.

ВИЗИТКА: Кисуня

Жасы – екі айлық шамасында

Тұқымы – қара-ала әдемі мысық

Еркелеткенді, қолға алып, сипағанды ұнатады

Мінезі – ашық, ойнағанды жақсы көреді, аңшылық түйсіктері жақсы дамып келеді. Басқа мысықтармен сыйыса алады Тамағы – мысықтарға арналған тағам, басқа да дәмді тамақ.

Осылайша марғаулар жаңа отбасыға барып, сенімді серік болуға дайын. Құрттарға және бүргеге қарсы дәрі берілген. Енді 7 айға толған соң піштіруге немесе стерильдеуге болады. Волонтерлар қаңғыбас ит-мысықтар көбеймесі үшін солай етуге кеңес береді.

«Жануарларға – қамқорлық» жобасы АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі (USAID) арқылы көрсетілген Америка халқының көмегімен, Internews-тің USAID қаржылай қолдауы арқылы жүзеге асырылатын Орта азиялық MediaCAMP бағдарламасы аясында жасалды.

Мазмұнына Vera.kz жауап беретін бұл шығарылым USAID немесе АҚШ Үкіметі немесе Internews-тің көзқарасын білдірмейді.

Біздің жобаға мына сілтеме арқылы қосылуға болады: https://chat.whatsapp.com/FyaB4i6aB0B0PTycH7B3Sr

Последние новости Шымкента:

По сообщению сайта Vera.kz

Поделитесь новостью с друзьями