Популярные темы

Ерлан Қарин танымал қазақстандық әншілердің концерттегі әрекеті туралы айтты 27 мая 2022, 16:34

Дата: 27 мая 2022 в 16:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ерлан Қарин танымал қазақстандық әншілердің концерттегі әрекеті туралы айтты
                27 мая 2022, 16:34
Стоковые изображения от Depositphotos

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болған концерттегі оқиғаға қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 25 мамырда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ирина Кайратовна» мен Shiza лақапатымен белгілі Асхат Долшиевтің концерті өткен болатын. Кейінірек Желі қолданушылары «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Азамат Маркленов пен Асхат Жолшиевтің сахнадағы әрекетін сынады. Әншілер сахнада боғауыз сөз де айтып жіберген. Желі қолданушыларының сөзінше, әнші Асхат Жолшиев Қазақстанның туын адамдарға лақтырған.  

Қолданушылар әншілер мас деп топшылаған. 

Сонымен қатар, Желіде тараған видеолардың бірінде «бәрі ішіп алғаны, концерт онша емес өткені және ұйымдастыру нашар болғаны» жазылған.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ӘЛЕУМЕТТІК-АҚПАРАТТЫҚ ПАРАҚША (@aqparat.kz)

Ерлан Қарин концертті NS group ЖШС ұйымдастырғанын атап өтті. 

«Алматы қаласындағы концерт кезінде болған оқиға қазір қоғамда қызу талқыланып жатыр. Біздің білуімізше, концертті NS group ЖШС ұйымдастырған. Shiza лақап атын иеленген азаматтың Мемлекеттік туға қатысты әрекеті жіті тексеріліп, оқиғаның мән-жайы анықталуы қажет. Концертте ішімдік ішілгендіктен мұндай әрекетке жол берілген деп ойлаймын. Жастар осы бір келеңсіз оқиғадан сабақ алып, қарапайым мәдениет пен этикетті меңгеруі қажет», — деді Мемлекеттік хатшы. 

Сонымен қатар, Қарин мұндай ауқымды іс-шараларды ұйымдастырушылар да жауапкершілікті сезінуі керегін атап өтті. 

«Олар концерт ұйымдастырған кезде ішімдік ішілуіне жол бермеуге, басқа да оқыс оқиғалардың алдын-алуға тиіс. Біз мемлекеттілігіміздің, Тәуелсіздігіміздің символы саналатын Мемлекеттік туға зор құрметпен қарауымыз қажет. Оны аяқасты етуге жол бермеуіміз керек. Туымызды немесе басқа да рәміздерімізді қорлаған әрекеттер құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес жауапкершілікке тартылады. Себебі, заң баршаға ортақ. Еліміздің әрбір азаматы Мемлекеттік туды құрметтеп, қастер тұтуы қажет деп санаймын», — деді Ерлан Қарин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Erlan Karin (@erlankarin2019)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями