Популярные темы

Туған ағам ән айтпай-ақ қойшы деді — Ғаділбек Жаңай 26 мая 2022, 12:42

Дата: 26 мая 2022 в 12:53 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Туған ағам ән айтпай-ақ қойшы деді - Ғаділбек Жаңай
                26 мая 2022, 12:42
Стоковые изображения от Depositphotos

«Жұлдыз» радиосында Zhuldyz LIVE атты жаңа жоба. Қазақстандық танымал өнер жұлдыздары жоба барысында әр апта сайын жанды дауыста ән айтып, сұхбат береді. Бұл — әншілердің қабілетін көрсетіп, тыңдармандарымен жақындастыра түсетін бірден-бір мүмкіндік, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 мамырда Zhuldyz LIVE музыкалық шоуының тұсауы кесілді. «Жұлдыз FM» бас редакторы Анар Мыңбаева бұл жобаның мақсатын айтып, осындай игі бастаманы жүзеге асыру идеясы қайдан келгенін түсіндірді.

«Жоба мақсаты — жанды дауысты насихаттау, қазақ әндерін дәріптеу, эстрадада жан дауыста, фонограммасыз ән айта алатын әншілер көп екенін көпшілікке көрсету. Бұл жобаның идеясы бүгін ғана келе қойған жоқ, бұрыннан ойда жүрген дүние. Оны өнердегі достарымыз, әншілердің өздері де біраз уақыт бұрын ұсынған еді. Бірақ сәті қазір түсіп тұр.

Әншілер көпшілік сүйіп тыңдайтын хит әндерін орындайды, қызық сұхбат болады. Бұл бағдарламаға халыққа кең танымал әншілермен қатар жас әншілерді де шақырамыз. «Жұлдыз» радиосының өз миссиясы бар. Ол — жас өнерпаздарды қолдау. Сол мақсатта Zhuldyz LIVE жобасына өнерге енді аяқ басып жатқан өнерпаздарды шақырып, халыққа таныстырып, кейін танылуына өз үлесімізді қосқымыз келеді. Қазір әркімнің сүйікті әншісінің концертіне билет алып баруға жағдайы келе бермейді. Кейбіреулердің сүйікті әншісі қаласына келмеуі мүмкін. Сондықтан бұл — «Жұлдыз FM-ның» тыңдармандарына жасап отырған кішігірім сыйлығы. Әншілерге де ұнап жатыр. Әр сәрсенбі Zhuldyz LIVE жобасын тыңдаңыздар», — деді «Жұлдыз FM» бас редакторы Анар Мыңбаева.

Оның айтуынша, жыл сайын «Жұлдыз» радиосының туған күнінде радио-марафон өткізіледі. Бұл жоба сол идеядан шыққан.

«Жыл сайын «Жұлдыз FM» радиосының туған күніне орай радио-марафон өткіземіз. Жыл сайын бұл сұхбат сияқты өтетін еді. Бірақ былтырғы туған күнімізді осындай радио концерт түрінде өткіздік. Таңғы сағат 8.00-ден түнге сағат 00.00-ге дейін эстарада әншілері келіп, ән айтты. Оларға сол кезде де қатты ұнады. «Дәстүрлі түрде өткізіп тұрсаңыздар» деген өтініш айтты. Сондықтан тыңдармандардың да тілегі, өнердегі достарымыздың да өтініші және «Жұлдыз FM-ның» бұрыннан ойлап келе жатқан арманы орындалды десек болады», — дейді «Жұлдыз FM» радиосының бас редакторы.

Жүргізуші Жандәурен Мәди

«Радиостанциямыз үшін бұл — жаңа жоба. Жоба жүргізушісі ретінде маған да осындай тәжірибе алу өте қызық. Тыңдармандарға да бұл жаңа нәрсе, өйткені қонақтар тікелей эфирде импровизация көрсетеді. Бұрын білетін хиттер мүлдем басқаша орындалуы мүмкін. Танымал әртістермен тілдесіп, оларға қызық сұрақтар қойып, әншілерді ерекше қырынан көрсетуді ұзақ күттім. Олардың кейбір әндерінің шығу тарихын білгім келеді.

Танымал әртістерден бастаймыз, бірақ болашақта жас таланттарды да қосуды жоспарлап отырмыз», — деді Zhuldyz LIVE жүргізушісі Жандаурен Мәди.

Zhuldyz LIVE-тың алғашқы қонағы Ғаділбек Жаңай (@gadilbek_zhanay) болды.

«Бүгін бағдарламаның алғашқы шығарылымы болды. Ғаділбек Жаңай келді. Ол 8 ән орындап, эфирде «Жылы сөз» атты су жаңа әнінің тұсауын кесті», — деді Анар Мыңбаева.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ғаділбек Жаңай

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями