Популярные темы

Вакцина салдырмаған оқушылар ҰБТ тапсыра ала ма? БҒМ жауабы 22 февраля 2022, 17:26

Дата: 22 февраля 2022 в 17:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Вакцина салдырмаған оқушылар ҰБТ тапсыра ала ма? БҒМ жауабы
                22 февраля 2022, 17:26
Стоковые изображения от Depositphotos

Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде оқушыларға вакцина салу міндетті емес, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы білім және ғылым министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Абдуалиева айтты.

«Ұлттық бірыңғай тестілеуден өту үшін талапкерлерге екпе алу міндетті емес. ҰБТ-ға кіруге рұқсат беріледі», — деді ресми өкіл.

Еске салайық, 3 ақпанда Білім және ғылы министрлігі биылғы ҰБТ-дегі өзгерістер туралы айтқан болатын. Жаңалықтардың бірі — қосымша камера орнату. Бұған дейін бір камера болса, қазір екінші камера орнатылады, ол жеке басын сәйкестендіреді. Сонымен қатар, белгілі бір уақыт өткеннен кейін компьютерде кім отырғанын тіркейді. Тестілеудің өзі тегін, ал сынақ тесттері ақылы өтеді. Министр Асхат Аймағамбетов сынақтардың белгіленген бағаларын өзгерту қажет екенін айтқан болатын. Сондықтан Аймағамбетов тестілеудің барлық осы түрі бойынша құнды екі есе төмендетуді тапсырды.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями

Читайте также