Популярные темы

«Мұндайды қаламаймын» — Президент әкесі жайлы фильмнің түсірілуі туралы 17 февраля 2022, 21:19

Дата: 17 февраля 2022 в 21:33 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Президент «Әке туралы ой-толғау» кітабының желісі бойынша продюсерлік орталықтың фильм түсіруіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.   

«Менің кітабымдағы оқиғалардың негізінде кино түсіргелі жатқанын оқыдым. Бұл туралы ешкімге ешқандай тапсырма берген жоқпын. Бермеймін де. Мұндайды қаламаймын. Бірақ, өзім жазған «Әке туралы ой-толғау» кітабынан бас тартпаймын, мазмұнды туынды деп есептеймін. Себебі, жастарға да пайдалы дүние. Бұл — менің әке-шеше алдындағы перзенттік борышым», — деді Президент Qazaqstan арнасына берген сұхбатында. 

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желіде Президенттің әкесі Кемел Тоқаев туралы фильмнің сценариінің суреті тараған болатын. Суретте Nar Media Group жауапкершілігі шектеулі серіктестігі көрсетілген. 

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями