Популярные темы

Министрге жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды 03 февраля 2022, 14:08

Дата: 03 февраля 2022 в 14:23 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Министрге жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды
                03 февраля 2022, 14:08
Стоковые изображения от Depositphotos

Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа жанармай құю станцияларын тексеру ұсынылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында журналист министрге «Қазақстанда бірде-бір министр үлгі көрсетіп автокөлік иелеріне көрсетілетін отын мен сервис сапасын тексеру үшін жанармай станцияларын тексерген жоқ. Сіз өзіңіз сондай тренд қалыптастырып, жеке өзіңіз ең болмаса астанадағы жанармай станцияларын тексеруге дайынсыз бадеп сұрақ қойды

Болат Ақшолақов әріптестерімен бірге барып тексеруіне болатынын айтты

«Бірақ, өкінішке қарай, заң бойынша бізде ондай құзырет жоқ. Оған жауапты Техникалық реттеу және метрология комитеті бар. Яғни біз айтып отырған жұмысқа сол комитет уәкілетті. Бірақ қаласаңыздар, комитетпен бірге барып, тексерсек болады», деді министр ОКҚ брифингінде.

Еске салайық, Болат Ақшолақов биыл 11 қаңтарда энергетика министрі қызметіне тағайындалған еді.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями