Популярные темы

Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр? 25 января 2022, 16:54

Дата: 25 января 2022 в 17:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазнет жарық сөнуіне қатысты қалай әзілдеп жатыр?
                25 января 2022, 16:54
Стоковые изображения от Depositphotos

Бүгін Қазақстанның бірнеше өңірінде жарық сөнді. Алғашқы хабарламалар 25 қаңтарда сағат 12.08-де түсе бастады. Кейін Өзбекстан мен Қырғызстан қалаларында да жарық жоғы белгілі болды. Қазнет қолданушылары бұл жағдайды назардан тыс қалдырмады. Tengrinews.kz тілшісі Желіде электр қуаты болмауына байланысты тараған әзілдерді жинап шықты. 

«Три мушкетера» фильмінің кейіпкері Қазақстанда тұрса, бүгін Констанцияны емес, «подстанцияны» іздеп кететін шығар. 

Электр қуаты жоқ қалалардың тұрғындары бүгін өзін осылай сезінген болар. 

Кейбірі электр қуаты бар жерлерді іздеп кетсе керек...

Қазір жарық сөнсе, телефон қуатын толтырып алмағаныңа өкінетін заман. Бүгін де солай өкінгендер бар шығар.  

Бұл — жарық бергендегі қуаныш сәті.  

Елімізде жаппай бір нәрсе өшсе, «Не болып жатыр екен?» деп үрейленетіндер де бар. 

Ал бұл әзілдер елімізде қаңтар басындағы тәртіпсіздіктерге байланысты шыққан.     

Қазақстандықтар үшін қаңтар ауыр болғаны анық.

Электр қуаты Қазақстанмен қатар, Өзбекстан және Қырғызстанда да болған жоқ. 

Ал электр қуатын қалпына келтіріп жатқандардың жағдайы осылай шығар. Қазнет қолданушылары осылай топшылаған.   

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями