Популярные темы

«Қазақмыс» компаниялар тобы және KAZ Minerals тобы «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 25 млрд теңге бөлді

Дата: 25 января 2022 в 12:25 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«Қазақмыс» компаниялар тобы және KAZ Minerals тобы «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 25 млрд теңге бөлді
Стоковые изображения от Depositphotos

Сөйтіп, 2014 жылғы қайта құрылымдауға дейін өз қызметін ортақ брендпен жүргізген «Қазақмыс» пен KAZ Minerals әлеуметтік мәселелерді шешу жолында Қазақстан халқын қолдауға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесуге дайын. 

«Қазақмыс» компаниялар тобы — табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеудегі жетекші компания, Қазақстандағы мыс өндіретін көшбасшы компаниялардың бірі. Компания құрамында — геологиялық барлау кешені, он үш кеніш, төрт байыту фабрикасы, екі мыс балқыту зауыты, екі көмір разрезі және ЖЭК бар.

Компанияның негізгі активтері Балқаш, Жезқазған, Сәтпаев және Қарағанды қалаларында орналасқан. «Қазақмыс» кен өндіретін және оны тауарлық металға дейін қайта өңдейтін өндірістік нысандарды басқарады. Корпорация мыс, мыс-сульфид және тотыққан, сондай-ақ, полиметалл мыс-мырыш кендерін өндіреді. 2021 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС катод эквивалентінде шамамен 250 мың тонна мыс өндірді.

Бүгінгі таңда «Қазақмыс» тобы қызметкерлерінің жалпы саны 38 000-нан астам адам, ұжымның 80% — өндірістік қызметкерлер.

КAZ Minerals Limited (бұдан әрі – KAZ Minerals немесе Топ) – Қазақстанда, Қырғызстанда және Ресейде заманауи, ірі ауқымды, азшығынды карьерлік типтегі тау-кен өндірісін дамытуға бағытталған, өсу әлеуеті зор мыс өндіруші компания. Компания операциялық іс-қызметін ШҚО орналасқан Ақтоғай және Павлодар облысындағы Бозшакөл ашық кеніштерде, сонымен қатар, Шығыс Қазақстанда орналасқан үш кеніш пен кен байыту фабрикаларында және Қырғызстандағы Бозымшақ мыс-алтын кенішінде жүргізеді.

2020 жылы мыстың жалпы өндіріс көлемі 306 мың тоннаны құрады, ілеспе өнім ретінде 50 мың тонна концентраттағы мырыш, 196 мың унция алтын мен 3,374 млн. унция күміс өндірілді. 2019 жылдың қаңтар айында Топ Ресей Федерациясы Чукот автономиялы округіндегі Баимская мыс жобасын сатып алды. Баимская – ашық типтегі кеніш негізінде мыс өндіретін төмен шығынды әрі ауқымды тау-кен кешенін құру әлеуеті бар әлемдегі игерілмеген ірі мыс алаңдарының бірі.

Топтың негізгі өндірістік кәсіпорындары – Ақтоғай мен Бозшакөл – саладағы ең қарқынды даму көрсеткіштерін қамтамасыз етіп, KAZ Minerals-ты қорының басым бөлігі әлемдік деңгейдегі ашық түрдегі кеніштерден тұратын компанияға айналдырды. Сульфидті кенді қайта өңдеу қуатын екі есе арттыратын Ақтоғайды кеңейту жобасы 2021 жылдың қазан айында жұмысын бастады және жыл соңында тұтынушыларға алғашқы өнім жеткізіледі деп жоспарланған.

Топ Баимская мыс жобасының Банктік техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуді аяқтады және күрделі құрылысының болжамды құны $8,5 млрд құрайтын жаңа жобаны игеру ісін қаржыландыруда алға жылжуда. Ресейдегі Баимская лицензиялы алаңының аумағында орналасқан Песчанка кен орнының ресурстары JORC кодексіне сәйкес бағаланып, кендегі мөлшері 0,39% болатын 9,9 млн тонна мыс және кендегі мөлшері 0,21 г/т болатын 16,6 млн унция алтынды құрайды.

KAZ Minerals-та Қазақстанда, Ресейде және Қырғызстанда шамамен 16 000 адам жұмыс істейді.
 

По сообщению сайта EKaraganda.kz

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями