Популярные темы

Ресейде жүкті әйелдерге қандай вакцина ұсынылады? 20 января 2022, 14:52

Дата: 20 января 2022 в 15:03 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Ресейде жүкті әйелдерге қандай вакцина ұсынылады?
                20 января 2022, 14:52
Стоковые изображения от Depositphotos

Ресей Денсаулық сақтау министрлігінің 2022 жылғы 13 қаңтарындағы №8 бұйрығы елде түсінбеушілік тудырған болатын. Онда вакцина салдыруға қарсы көрсетілімдер тізімі бекітілген. Құжат мәтінінде жүктілік пен бала емізу кезінде COVID-19-ға қарсы «Гам-КОВИД-Вак-Лио», «Гам-КОВИД-Вак-М», «Спутник Лайт», «ЭпиВакКорона» және «КовиВак» вакциналары қолданылмайтыны жазылған.

Алайда Желі қолданушылары мен ресейлік кейбір БАҚ өкілі мұны «Денсаулық сақтау министрлігі жүкті және бала емізетін аналарға екпе жасауға тыйым салып отыр» деп жазған. Бұл жалған. Tengrinews.kz тілшісі Ресейде жүкті әйелдерге қандай вакцина салынатынын және Қазақстанда не қолданылатынын баяндайды. 

Негізінде, Ресейде жүкті әйелдер мен бала емізетін аналарға екпе алуға болады. Rg.ru мәліметінше, болашақ аналар мен босанған әйелдерге қолданылатын жалғыз вакцина — екі компонентті «Спутника V». Оның ресми атауы — Гам-КОВИД-Вак. Ол құжатта қарсы көрсетілімдер тізімінде жазылмағанына назар аударған жөн.

«Жүкті және босанған әйелдерге медициналық көмек көрсету жөніндегі клиникалық ұсыныстарда «Спутник V» вакцинациясы жүктіліктің 22-аптасынан бастап «ұрыққа ықтимал қауіпке қарағанда анаға күтілетін пайдасы асқан» жағдайда ғана салынуы керек деп жазылған», — делінген басылымда. 

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі «Спутник V» клиникалық зерттеулер кезінде жүкті болып қалған әйелдерге тексерілгенін хабарлаған болатын. Елде оны жүкті әйелдерге қолдануға былтыр маусымның соңында рұқсат берілген. Қазанда Денсаулық сақтау министрлігі емізулі әйелдерге вакцинаға тыйымды алып тастады.

Ал «Спутник Light» — «Спутник V» вакцинасының алғашқы дозасы, ол ревакцинация үшін қолданылады.

Қалған ресейлік вакциналар жүкті әйелдерге тексерілмегендіктен салуға болмайтыны хабарланды.

Елде 60-тан асқан адамдарға «Спутник V», «Спутник Лайт» және «ЭпиВакКорона» рұқсат берілген, себебі олар қарт еріктілер қатысқан клиникалық сынақтардан өткен.

12 жастан асқан жасөспірімдерге келер болсақ, оларға «Спутник — М» вакцинасын ғана салуға болады. Сондықтан, басылым мәліметінше, құжатқа сәйкес, «18 жасқа толмаған» балаларға барлық басқа вакцинаны қолдануға болмайды. 

Онкологиялық науқастар вакцинациясы туралы да сұрақ көп туындаған. 

«Құжатқа сәйкес, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар «Спутник V» және «Спутник Light-ты» қоспағанда, басқа ресейлік екпені салдыра алмайды. Бұл ретте, денсаулық сақтау министрлігінің әдістемелік ұсынымдарын ескеру қажет, онда «Гам-КОВИД-Вак» («Спутник V») вакцинасы «аурудың түрі мен кезеңіне қарамастан, ісікке қарсы емдеуді аяқтаған барлық онкопациентке қосымша шектеусіз» ұсынылған», — делінген мақалада.

Жалпы құжатта вакцинаның құрамындағы заттарға жоғары сезімтал және аллергиясы бар, вакцинаның бірінші компонентінен кейін ауыр асқынулар болған адамдарға қарсы көрсетілім берілетіні жазылған. Вакцинацияға уақытша қарсы көрсетілімдер де бар: бұл — қосалқы аулардың және созылмалы аурулардың асқынған уақыты, аурудан жазылған соң 2-4 апта аралығы. СOVID-19-ға қарсы вакцинаны ЖРВИ кезінде, тіпті жеңіл өтіп жатса да, және өткір жұқпалы ауруларда, дене қызуы қалыпқа келмейінше салуға болмайды.

Ал Қазақстанда 12 мен 18 жас арасындағы балалар мен жүкті немесе бала емізетін әйелдерге америкалық Pfizer вакцинасы ұсынылады. Вакцинаны жүктіліктің 16-37 аптасындағы әйелдер және босанғаннан кейін 42 күннен кейін бала емізетін әйелдер салдыра алады. Сонымен қатар, жақында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният 60 жастан асқандарға ревакцинация үшін Pfizer салынатынын айтты. 

Pfizer вакцинасы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы

Айта кетейік, Қазақстанда 19 қаңтардағы жағдай бойынша, Pfizer вакцинасының I дозасын 508 657 адам, ІІ дозасын 262 263 адам салдырған. Оның ішінде: І компоненті 393 075 жасөспірімге, 26 122 жүкті әйелге, 67 176 бала емізетін әйелге егілген. ІІ компанент бойынша, жасөспірімдер — 212 319, жүкті әйелдер — 13 298, бала емізетін әйелдер — 36 635.

Pfizer вирусологы жүкті әйелдер мен балалар екпесі туралы айтты

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями